АСТАНА. KAZINFORM – Жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды.
Кеше Гонконг ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған Александр Бублик 11-ден 10-орынға көтерілді. Сөйтіп ол ерлер арасында ATP рейтингісінде ТОП-10-ға кірген алғашқы қазақстандық теннисші болды.
Александр Шевченко 106-дан 104-ке көтерілсе, өткен аптада Бангалор жарысының финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 235-тен 195-ке дейін жоғарылады.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 74-тен 105-ке дейін құлдырады. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Гонконг турнирінде топ жарғанын жазған едік. Сондай-ақ Александр Бублик жаңа маусымның сәтті басталғанын айтты.
Ал Александр Шевченко Аделаида турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).