Александр Бублик ATP рейтингісінде ТОП-50-ге жақындады

Фото: Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан рейтингіде өзгерістер болды.

Рим мастерс турнирінің финалына дейін жеткен италиялық Янник Синнер көшбасшылық орнын сақтап қалды. 

Римде үздік атанған испаниялық Карлос Альқарас германиялық Александр Зверевті ығыстырып, екінші орынға шықты.

Италиядағы Турин челленджер турнирінде жеңімпаз атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 76-дан 51-орынға көтеріліп, ТОП-50-ге кіруге жақын тұр. 

А.Бублик әлемдік рейтингідегі ең үздік көрсеткішіне (17) өткен жылы 6 мамырда жеткен еді. 

А.Бублик Гамбург (Германия) ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында 20 мамыр күні әлемнің 32-ракеткасы, 21 жастағы франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі. 

Әлемдік рейтингіде Александр Шевченко 97-орнында қалса, Михаил Кукушкин 165-тен 163-ке ауысты. Дмитрий Попко 163-тен 164-ке, Тимофей Скатов 181-ден 191-ге, Бейбіт Жұқаев 220-дан 230-ға, Денис Евсеев 257-ден 271-ге төмендеді.

Григорий Ломакин 835-тен 819-ға, 17 жастағы Әмір Омарханов 956-дан бірден 918-ге жоғарылады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес теннисшінің Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайтынын жазған едік.

Сондай-ақ Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 43-сатыға жоғарылады.