АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Лион ATP 250 турнирінде бақ сынайды.
Франция ашық чемпионаты – Ролан Гаррос қарсаңындағы жарыс 19-25 мамыр аралығында өтеді.
Лион додасының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші турнирді екінші айналымнан бастайды. Онда әлемнің 70-ракеткасы, аустралиялық Александар Вукич немесе рейтингіде 76-сатыдағы америкалық Маккензи Макдональдтың жеңгенімен кортқа шығады.
Женевадағы (Швейцария) дәл осындай турнирде Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы – әлемнің 36-ракеткасы, мажарстандық Фабиан Марожан. Рим мастерс жарысында 8 мамырда А.Шевченко Ф.Марожанды 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Страсбургте қарсыласын ойсырата ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина Италиядағы турнирде топ жарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).