Әлемдік рейтингіде 11-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.
Сондай-ақ әлемнің 3-ракеткасы, биылғы Ролан Гаррос жарысының жеңімпазы, германиялық Александр Зверев чехиялық Вит Копривамен, канадалық Феликс Оже-Альяссим португалиялық Нуну Боржешпен, ресейлік Даниил Медведев аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен ойнайды. Америкалықтар Бен Шелтон мен Тейлор Фриц сәйкесінше аустралиялық Ник Кирьос, бельгиялық Зизу Бергспен шеберлік байқасады.
Өткен жылы Галледе А.Бублик жеңімпаз атанған еді. Ол дода барысында әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнерді, финалда ресейлік Д. Медведевті жеңген болатын. Биыл сол чемпиондық атағы мен рейтингілік ұпайын қорғай ала ма, оны алдағы бәсеке көрсетеді.
А.Бублик осының алдында Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Т.Фрицке жол берді.
Теннисшінің өзі Телеграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында көгал маусымын жаман бастамағанын, одан әрі жұмыс істеу керектігін жазды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Штутгарт жарысының жартылай финалына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Александр Шевченконың Братислава турнирінде чемпиондыққа таласатыны хабарланды.