АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Испаниядағы Мальорка ATP 250 турнирінде ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен кездесуі тиіс еді.
А.Бубликтің орнына әлемнің 85-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнеш шақыртылды.
Жалпы жүлде қоры 915 630 АҚШ долларына бағаланған Мальорка жарысы 1 шілдеде мәресіне жетеді.
Өткен аптада А.Бубликтің Германиядағы Галле ATP 500 турнирінде жеңімпаз атанғаны белгілі. Енді ол 3 шілдеде басталатын Уимблдон жарысында бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемнің 27-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Истбурн турниріне қатысудан бас тартты.
Уимблдонда Тимофей Скатов тартысты матчта қарсыласынажол берді.
Анна Данилина жұптық сында Истбурн турнирінің ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).