ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 80-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полдан өтуге тырысып көрді.
Бублик матчты сәтті бастады — 7:5. Алайда осы қарқынын жалғастыра алмады — 5:7, 4:6.
Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Александр Бублик 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Пол 17 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Томми Пол төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен таласады.
Осылайша, Майами жарысында Қазақстаннан жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина қалды.
Бұған дейін әйелдер арасында жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да америкалық теннисшілерден өте алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Майами жарысында корт иесіне жол бергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).