АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 309-орында тұрған канадалық Милош Раоничпен бетпе-бет келді.
М.Раонич - рейтингіде төмен тұрғанымен, кезінде үздік үштікке іліккен 33 жастағы тісқаққан теннисші.
Канадалық теннисшіге жеңіс үшін екі брейк жасау жеткілікті болды - 6:4, 6:4. Ол сонымен қатар 12 эйске қол жеткізді.
Ал А.Бублик 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Бахрейндегі жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).