Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған испаниялық Альберто Рамоспен шеберлік байқасты.
А.Бублик бұл бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Александр Бублик жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын ірі жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 28-сатыдағы сербиялық Миомир Кецмановичтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді.
Фото: sports.kz