Александр Бублик Турин турнирінің ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 194-орында тұрған италиялық Федерико Арнабольдимен жолығысты.
Бірінші партияда жергілікті спортшы Бубликке бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Есесіне бұдан кейін А.Бублик ойын тізгінін қолына ала білді – 6:3, 6:3.
Бір сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаға асырды. Арнабольди 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 51-інші, осы доданың 3-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Пармада сенсация жасап, жартылай финалға өткенін жазған едік.