АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 130-орында тұрған швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте А.Бублик минибрейк жасағанымен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7).
Екінші сетте қарсыласы 6:4 есебімен басым түсті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 6 эйспен ғана көзге түсті. С.Вавринка 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Осылайша, А.Бублик түрлі жарыста оныншы рет қатарынан жеңіліс тапты. Ол өткен жылдың қазан айынан бері жеңіске жете алмай келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.
Биыл әлем теннисшілері арасында ең көп табыс тапқан кім екендігі белгілі болды.
Қазақстандық теннисші Францияда негізгі жарысқа жолдама алды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).