Қазақстандық теннисші қытайлық Цзюньчэн Шанмен бірге алғашқы айналымда аргентиналық Франсиско Серундоло – франциялық Артур Риндеркнешпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда аргентиналық-франциялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте қазақстандық-қытайлық дуэт қарымта қайырды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:7.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде Бублик – Шан 2 эйспен бірге 1 брейк-пойнтты пайдалана білді. Серундоло – Риндеркнеш 1 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Қазақстандық-қытайлық жұптың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Әлемдік рейтингіде 20-орындағы Александр Бублик жекелей сында да өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі. Бұл матч 1 қазанға белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжіңдегі жарыста ұпай қорын толықтыра ала ма, соны жазған едік.