НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бубликтің Монреаль (Канада) мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 37-орында тұрған америкалық Дженсон Бруксбимен шеберлік байқасады.
Хард төсенішіндегі мастерс жарысы 7-14 тамыз аралығында өтеді. Алғашқы сегіз теннисші болып тіркелген ойыншылар доданы екінші айналымнан бастайды.
Әлемнің бірінші ракеткасы, Монреаль турнирінің өткен жылғы чемпионы Даниил Медведев екінші айналымда аустралиялық Ник Кирьос немесе аргентиналық Себастьян Баэстің қай жеңгенімен кездеседі.
Сондай-ақ 7-14 тамыз аралығында өтетін Торонто WTA 1000 (Канада) додасында өнер көрсететін тағы бір қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцеваның да қарсыласы белгілі болды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 296-сатыдағы канадалық Кэтрин Себовті сынап көреді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қола жүлдеге таласатынын жазған болатынбыз.
Фото: olympic.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).