Биылғы бәсекеге 20 балуан қатысты. Бұл жердегі 20 саны кездейсоқ таңдалмаған екен. «Астана қаласының 20 жылдығына орай осындай тарту жасадық», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Турнирде үшінші орынды Шыңғыс Сайлауұлы, екінші орынды Әділбай Әлішер иеленсе, бірінші орынды Александр Косачев қанжығалады.
Ал Ерлан Тойбаев «Жеңіске деген жігері үшін», Ернар Абдрахманов «Үздік әдіс көрсеткені үшін» номинациясымен марапатталды.
Екі аптадан кейін өтетін облыстық «Жетісу бөрісінде» Александр Косачев пен Ұлан Рысқұл шығып, бақтарын сынайды. Ұлан Рысқұл былтырғы «Қазақстан барысының» күміс белбеу иегері атанғаны үшін биылғы қалалық іріктеуден босатылды.
Айта кету керек, Александр Косачев былтыр да «Талдықорған бөрісі» атанған болатын.