Александр Куликов слаломды есуден Олимпиаданың жартылай финалына өтті
13:49, 25 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңі аяқталып, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.
Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-ші орын алды. Осылайша, жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді.
Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секунд ұтылды.