Александр Лебзяк: Риода Ресей боксшылары үшін Қазақстан - басты қарсылас
22:45, 04 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк Рио олимпиадасына қатысты өз пікірін білдірді.
- Біз ешкімнен қорықпаймыз, бірақ қауіптенеміз. Кубалықтар, қазақтар, өзбектер, пуэрто-риколықтар бар. Соңғы жылда әлемде бокс қарқынды дамып келеді. Олимпиадаға Қазақстан, Украина және Кубадан баратын боксшылардың барлығы медаль алуға мүмкіндігі бар. Біз олимпиада кезінде үздік үштікке енуге тырысамыз, - деді ресейлік маман.
Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет олимпиадаға он жолдама алды.
Айтжанов Қазақстан құрамасы олимпиадаға дейін бірнеше халықаралық жарысқа қатысатынын айтты, деп хабарлайды alaman.kz.