Бұл туралы Беларус Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған БЕЛТА агенттігі хабарлап отыр.
Беларус Президенті саммиттің жалпы отырысында сөз сөйлейді деп күтілуде.
Беларус үшін ЕҚЫҰ еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау үшін және жалпыеуропалық үдерістер аясындағы сыртқы саяси мүдделердің алға жылжылуын талқылау үшін өте маңызды форум болып табылады. Беларус 1992 жылдың 30 қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ-ның толық құқылы мүшесі атанған. Қазіргі таңда ЕҚЫҰ Беларустың негізгі еуропалық ұйымдар және елдермен қарым-қатынасын дамытуда ерекше орын алады.