Ел президентін ұлықтау рәсімі беларус телевидениесінің барлық арналары бойынша көрсетілді.
Лукашенко 2010 жылы 19 қарашада өткен сайлауда тағы да кезекті бесжылдық мерзімге президент болып сайланған болатын. Оған дауыс беруге қатысқан халықтың 79,65 пайызы дауыс берген. Беларус Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, президенттік сайлауға электораттың 90,65 пайызы қатысқан.