Александр Лукашенко: Калининград - беларус жері. Оны қайтару керек!

None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Федерациясы құрамындағы Калининград облысының аумағын ежелден беларустардың жері деп есептейді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік тілшісінің мәліметіне қарағанда, беларус батькасы енді бұл облысты қайтарып алуға қарсы емес. Мұнда ол ауыл шаруашылығы бизнесін дамытқан болар еді.

«Мен Калининград облысын бізге қайтарыңдар дегенді жиі айтып келемін, - деді Лукашенко. - Біз ондағы әрбір сотық жерді, әрбір гектар жерді жыртып, егін егіп, ол өлкені гүлдей жайнатар едік».

«Мен бұл жерлерді қуана қабылдап алар едім», - деді ол БАҚ өкілдерімен болған кездесуі кезінде тағы да.

Бұл әңгіме жақында Литва мемлекеті Ресей мен оның батыстағы бөлігі - Калининград облысының бір-бірімен қарым-қатынас жолын жауып тастамақ болып, айбат шекккеннен кейін шығып отыр.