Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

АНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтауы мен жылы лебіздері үшін алғыс айтты.