Киевте Беларусь басшысы Украина Президенті Петр Порошенкомен келіссөздер жүргізеді. Мемлекет басшылары Беларусь-Украина күн тәртібіндегі өзекті сондай-ақ, халықаралық маңызды мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.
Бұған дейін «ҚазАқпараттың» Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағанындай, 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жұмыс сапары жоспарланған. Жұмыс сапарында Елбасы Украина басшысымен кездеседі.