Александр Недовесов Аустриядағы турнирдің ширек финалына шықты
19:10, 02 Тамыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар бастапқы кездесуін бразилиялық Марсело Демолинер - аустриялық Филипп Освальдпен өткізді.
Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар жартылай финалға шығу үшін монаколық Ромен Арнеодо - аустриялық Сэм Вайссборнмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Германиядағы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирде тартысты матчта ұтылып қалды.