АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А. Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда португалиялық Франсишку Кабраль - бразилиялық Рафаэль Матоспен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда португалиялық-бразилиялық жұп басымдылық танытты - 6:4. Есесіне бұдан кейін Недовесов пен Эскобар камбэк жасап, жеңісті жұлып алды - 6:3, 10:7.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-эквадорлық дуэт 6 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ. Кабраль мен Матос 3 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Аустриядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).