АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – аустриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2.
Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Александр Недовесов пен Гонсало Эксобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассори немесе португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матос жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Аустриядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Александр Бублик Вашингтонда қарсыласына есе жіберді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).