АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалында ұтылып қалды.
Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге финалда аустриялықтар Александр Эрлер - Лукас Мидлермен бас жүлде үшін таласты.
Бірінші партияда аустриялық жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде қазақстандық-америкалық дуэт артығымен есе қайырды – 6:1. Алайда супер тай-брейкте аустриялықтар сәтті ойнады – 10:8.
Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Галловей 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Эрлер – Мидлер 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың камбэкпен Түркиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).