Александр Недовесов Болгариядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Фото: Sports.kz

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобар мен қазақстандық Александр Недовесов жұбы ұлыбритандық және хорватиялық теннисшілер  Джулиан Кэш пен Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады. 1 сағат 28 минутқа созылған тартысты бәсекеде 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Александр мен Гонсало жеңіске жетті.

36 жастағы Недовесов қазіргі уақытта АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.