Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform .
Аталмыш жарыста А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 7-ракетка болып тіркеліп, доданы екінші айналымнан бастауы керек еді.
Олардың қарсыласы ресейліктер Роман Сафиуллин мен Аслан Карацев болатын.
Осы турнирде А.Карацев жекелей сындағы матчта тізесінен жарақат алып қалды.
Сол себепті енді ол додаға қатыса алмайды.
Осылайша, А.Недовесов — Г.Эскобар ойнамастан ширек финалға жолдама алды. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Жаңа Зеландиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).