Александр Недовесов Испаниядағы жарыстың финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Жирона (Испания) челленджер турнирінің финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді.
А.Недовесов - Г.Эскобар жартылай финалда доданың 3-ракеткалары, нидерландылықтар Сандер Арендс - Матве Мидделкоппен сынға түсті.
Қазақстандық эквадорлық дуэт 6:3, 1:6, 10:4 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйспен, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті. Нидерландылық жұп 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалда турнирдің 4-ракеткалары, франциялықтар Хонатан Эйссерик - Альбано Оливеттимен бас жүлдені сарапқа салады. Бұлар жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, Португалия өкілі Кабрал Франциску - ұлыбританиялық Анри
Паттенді жолдан тайдырды - 6:7 (4:7), 7:6 (7:2), 10:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екінші жыл қатарынан Майами турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.