Александр Недовесов Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Турин (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.
Аталаған доданың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов – эквадорлық Гонсало Эскобар бастапқы кездесуде үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами – германиялық Андре Бегеманды жарыс жолынан тайдырды.
Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Үндістандық-германиялық дуэт 2 эйспен шектелді.
А. Недовесов – Г. Эскобар жартылай финалға шығу үшін венесуэлалық Луис Давид Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Португалияда Бейбіт Жұқаевты жеңіп, жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.