Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

Фото: Фото: ҚР Теннис федерациясы

ПАРИЖ. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Александр Недовесов Франция ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін испаниялықтар Пабло Карреньо-Буста – Серхио Мартос Горнеспен өткізді.

Недовесов пен Эскобар тартысты матчта 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түсті. Екі сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Испаниялық дуэт 3 брейктен (13 брейк-пойнт) аса алмады. 

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар 1/8 финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Солсберимен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Италиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алғанын жазған едік.