Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің екінші айналымына шықты
15:10, 06 Қазан 2023
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялық Ллойд Гласспул - финляндиялық Харри Хелиоваарамен өткізді.
Қазақстандық-эквадорлық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжіңде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтынын жазған болатынбыз.