АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов - эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда Аргентина өкілі Федерико Кориа - жапониялық Таро Дэниелді жолдан тайдырды.
Бірінші партияда аргентиналық-жапониялық дуэт 6:4 есебімен басым түскенімен, Недовесов - Эскобар камбэк жасай білді - 6:3, 11:9. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Қазақстандық-эквадорлық жұп финалға шығу үшін франциялықтар Мануэль Гинар - Грегуар Жакпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Швециядағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).