Александр Недовесов теннистен әлемнің 45-ракеткасы атанды

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.

Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

Әлемде үздік үштікте бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович және ресейлік Даниил Медведев тұр.

Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. А.Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

Әлемдік рейтингте жұптық сында бұрынғыша нидерландылық Уэсли Колхоф көш бастаса, ұлыбританиялық Нил Скупски екінші, америкалық Остин Крайчик үшінші сатыда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.