АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалына өтті.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 120-ракеткасы, жапониялық Шинтаро Мочизукимен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда жапониялық теннисші сәтті ойнады – 6:4. Бұдан кейін Шевченко камбэк жасай білді – 6:1, 6:1.
Бір сағат 57 минутқа созылған матчта Шевченко 2 эйспен бірге 21 брейк-пойнттың тоғызын мүлт жібермеді. Мочизуки 3 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Александр Шевченко финалда әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччимен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 124-орындағы португалиялық Джейми Фарияны жолдан тайдырды – 6:0, 6:4.
Шевченко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 89-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).