Александр Шевченко әлемдік рейтингіде ТОП-100-ге қайта кірді

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жариялады.

Әлемде бұрынғыша италиялық Янник Синнер көш бастаса, германиялық Александр Зверев екінші орынға көтерілді, испаниялық Карлос Алькарас 3-сатыға ығысты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 78-ден 75-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 104-тен 92-ге, Дмитрий Попко 161-ден 155-ке, Михаил Кукушкин 167-ден 162-ге, Тимофей Скатов 179-дан 172-ге жоғарылады. 

Жұптық сында Александр Недовесов 100-ден 109-ға төмендесе, А.Бублик 130-дан 129-ға ауысты.

Кезінде әлемдік рейтингіде 45-орынға дейін жеткен А.Шевченко бүгін Мадрид мастерс турнирінде іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Гарольд Майомен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Мадрид турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.