Александр Шевченко Қытайдағы турнирде жарыстың фаворитін жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 111-ракеткасы Александр Шевченко Цзинань (Қытай) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 61-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен бетпе-бет келді.

А.Шевченко екі партияда 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Шевченко 5 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Кецманович 1 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 260-ракеткасы, жапониялық Джей Дилан Хара Френдпен таласады. Ол рейтингіде 525-орындағы ресейлік Алибек Качмазовты камбэкпен тізе бүктірді — 6:7 (4:7), 7:5, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирде негізгі кезеңге өткенін жазған едік. 

Шанхай мастерс турнирінде Александр Бублик қарсыласын камбэкпен жеңді.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын сақтап қалды.