Александр Шевченко Женева турнирінің ширек финалына шықты

Фото: Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

ЖЕНЕВА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Женева (Швейцария) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 66-орында тұрған финляндиялық Эмил Руусуворимен кездесуі керек еді.

Алайда фин спортшысы бәсекеге шықпай қалды да, А.Шевченко ойнамастан ширек финалға жолдама алды.

Александр Шевченконың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу жарысының ширек финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.