Александр Судьин бастаған «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақкөл балалар үйінің «Рассвет» сауықтыру орталығында болды

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған жоғарғы палатадағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмола облысындағы Ақкөл балалар үйінде болды,

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторлардың балалар үйі тәрбиеленушілерімен дағдыға айналған кездесуі Сенатта бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан депутаттық құрылымның жұмыс жоспары аясында өтіп отыр.

Сапар барысында депутаттар «Рассвет» жазғы лагеріне болып, демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.

Кездесу соңында балаларға компьютерлік сыныпқа арналған жабдықтар тарту етілді.

Балалар үйіне барған сапарға «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Е.Жұмабаев, сенторлар С.Плотников пен Е.Мұқаев та қатысты.