Олар аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған еді. Дегенмен бесінші раундта Усик қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, Александр Усик кәсіпқой мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізіп, тағы да хэвивейт салмағында абсолютті әлем чемпионы атанды.
Ал Даниэль Дюбуа үшін бұл кәсіби рингтегі үшінші жеңілісі болды.
Еске салсақ, Усик пен Дюбуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2023 жылдың тамызында өтіп, тоғызыншы раундта украиналық боксшының жеңісімен аяқталған болатын.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларын құттықтағанын жазғанбыз.