Александр Винокуров «Астана» велокомандасының құрамында өзін жаңа қырынан танытпақ

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Александр Винокуров «Астана» велокомандасының құрамында өзін жаңа қырынан танытпақ. Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Алдағы 2 апта мерзімінде дамалатынына тоқталған А. Винокуров, «атап айтқанда, мен команда құрамында қалатын боламын»,-деді.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында Велоспорт федерациясының вице-президенті Аллен Шәйжүнісов жуырда баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, онда Александр Винокуровтың алдағы қызметіне байланысты мәлімдеме жасалатынын жеткізді.

«Александр біздің «Астана» кәсіби велокомандасының бетке ұстары. Сондықтан да Олимпиада ойындарының чемпионы әрқашан да команда құрамында болатыны сөзсіз»,-деді  А. Шәйжүнісов.

Естеріңізге сала кетейік,  А. Винокуров спорттық мансабын қорытындылайтынын мәлімдеген еді. «Менің спорттық мансабымдағы әдемі нүкте. Дәл осындай нотада өз мансабымды аяқтауды мен тек армандай ғана алатын едім», деп мәлім етті Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Лондондағы Қазақстан баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.