деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл UCI күнтізбесіндегі ең соңғы жекелей сын болатын. Онда А.Винокуров 48,5 шақырымдық сайыста мәре сызығын бірінші боп (1:00:09) кесіп өтті. Ал 2-3 орынды "Creusot Cyclisme" клубынан Жан-Кристоф Перо (1:07) мен "Ag2R" клубының шабандозы Юрий Кривцов (1:12) бөлісті.
Бұл "Астана" велоклубының спортшылары биылғы маусымда қол жеткізген 30-шы жеңіс. Оның алғашқысы ақпанның 20-сы күні "Калифорния турының" 6-шы кезеңінде, ал соңғысы қыркүйектің 6-сы күні "Bavikhove" жарысында тіркелген болатын.