Александр Винокуров кәсіби велоспорттан кеткендігін ресми жариялады

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Жексенбі, 17 шілде күні Александр Винокуров француздық телеарнаға берген сұхбатында өзінің велоспорттағы кәсібі аяқталғанын жариялады. Бұл туралы ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбі күні Александр Винокуровты ауруханадан оның Монте-Карлодағы үйіне жеткізді, ол жерде оның аяғына қатты сынықтан кейін операция жасалды. Белгілі қазақстандық спортшының үйінде француздық тележурналистерге берген сұхбатында спортшы: «Мен велоспортқа кәсіби маман ретінде келемін деп ойламаймын. Мен бұл карьераны тоқтатамын деп шештім. Қазір біз «Pro Team Astana» басшылығымен бірге командадағы менің орныма жаңа адам іздеудеміз», - деп мәлім етті.