Александр Винокуров: «Tour of Almaty» сияқты жарыстарды көп ұйымдастыру керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Велоспорттан Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров елімізде «Tour of Almaty» секілді жарыстарды жиі ұйымдастыру қажет деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан велоспорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ойынша мұндай сайыстар қазақстандық шабандоздарға өте пайдалы. Себебі, олардың әрбір ұпайыолимпиадалық рейтингке әсер етіп, құраманың жағдайын жақсарта түседі.

«Бұл идеяұзақ уақыт бойы біздің арманымыз болып жүрді. 7 жыл бұрын сол идея іс жүзінеасты. Алғашқыда ол біркүндік жарыс болды. Өткен жылы жарысты екі күн қатарөткіздік. «Медеуге» мәрені белгілеп, Алматының ғаламат табиғатын әлемге пашеттік. Алматыны таңдағанымыздың да себебі түсінікті. Мұнда бұрыннан жарыстарөтіп келді, әрі қаланың көрсетер тұстары жетерлік» дейді спортшы.

Сондай-ақ, Александр Винокуров «Астана» шабандозшылары туралы да айтты.

«Біздің команда -Про-турдың ішіндегі ең мықтылардың қатарына жатады. Сондықтан өзіміздеөтіп жатқан«Tour of Almaty» додасында жеңіске жеткіміз келеді. Биылғы жарысотандық шабандоздар үшін өте маңызды. Мысалы Пронский Vino Astana Motorsқұрлықтық командасының атынан қатысса да ол иеленген ұпайлар Қазақстан ұлттыққұрамасының қоржынына түседі. Біздің құрама ТОП-21 құрамына кірсе біз Олимпиадаойындарына 3 спортшы қатыстыра аламыз. Сондықтан да рейтингтік ұпайларға таласуқажет»,- деді ол.

Еске салсақ, бұлжарыс туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар