Александр Заруцкий «Ақтөбе» командасының сапын толықтырды
17:36, 31 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 32 жастағы қазақстандық қақпашы «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Александр Заруцкий өткен маусымда «Қайрат» сапында өнер көрсетті.
Қақпашы алматылық клубтың қатарына 2025 жылдың басында қосылып, «Қайраттың» Қазақстан Премьер лигасында чемпион болуына, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына үлесін қосты. Аталған командада ол 24 рет жасыл алаңға шығып, жарқын ойынымен көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Kazinform тілшісінің 2025 жылы отандық спорт саласында болған айтулы оқиғалар мен жарқын жеңістер, жетістіктер туралы жазған сараптамасын назарларыңызға ұсынғанбыз.