Александра Ле Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында нысана көздеуден әлем кубогының кезекті кезеңі жалғасып жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Әйелдер арасында 50 метр қашықтықтан үш қалыпта (тізерлеп, жатып және тұрып) винтовкамен ату сайысы аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижені 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Александра Ле көрсетті. Ол 11-орынға тұрақтап, үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды.

Қазақстандық мергендер арасында София Шульженко 26-орын, Елизавета Безрукова 42-орын, ал Арина Малиновская 43-орын иеленді.

Еске салайық, бұған дейін үстел теннисінен ел құрамасы Ташкенттегі турнирде жеті медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.