Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасында іріктеу сынынан өте алмай қалды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасындағы іріктеу сынынан өте алмады.

Екі спортшы 50 метрге үш позицияда нысана көздеуден сынға түсті. Өкінішке қарай, екеуі де финалға өте алмады.

Александра Ле 10, Арина Алтухова 13-орында. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.

Бұған дейін кысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.