Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Ле Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеу сайысында жүлдеге таласты.

Финал қорытындысы бойынша Александра Ле жетінші орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл сында сербиялық Александра Стоядинович жеңімпаз атанды. Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Сехи О иеленсе, жапониялық Мисаки Нобата үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, жүлдегерлер өз құрамасына Олимпиада ойындарының жолдамасын да алып берді.

Александра Ле финалға шығып, Олимпиада лицензиясына таласатынын жазған едік.