Қазақстандық спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.
Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді.
Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.
Қоса кетсек, бұдан бұрын Норвегияның Шушен қаласында өтетін биатлоннан ашық Еуропа чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысатынын хабарлағанбыз.