АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Алексей Чуркин ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Қостанайлық атлет А.Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта 368 келіні (164 204) бағындырып, екінші орынға көтерілді.
Қоссайыс қорытындысында 371 келіні игерген солтүстіккореялық Ри Чонг Сонг (166 205) жеңімпаз атанды.
Өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемиров (165 190) 355 кг көрсеткішпен үздік үштікке ілікті.
Тағы бір қазақстандық Александр Уваров 351 келіні (160 191) бағындырып, бесінші орыннан көрінді.
Әйелдер арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева (64 кг) В тобында өнер көрсетіп, 208 кг (95 113) нәтижемен 8-орынға ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайремкездің сайысқа түсетінін жазған болатынбыз.
А.Сайрамкез де жүлдесіз қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).