АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ведомство басшысының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Алексей Цой Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды»,- деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Белгілі болғандай, Алексей Владимирович Цой өткен жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен аталған министрліктің вице-министрі болып тағайындалды.
Ал Серікбол Мусинов Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметінен босатылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.