«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және елдің денсаулық сақтау жүйесі тап болған сын-қатерлерді ескере отырып, біз Министрлік қызметінің негізгі басымдықтарын қалыптастырдық», - деді министр Орталық кломмуникациялар қызметінде.
Осы орайда:
- МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту;
- алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау;
- көлік медицинасын күшейту;
- барлық өңірлерде ірі заманауи ауруханалар, сондай-ақ инфекциялық стационарлар салу;
- ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету;
- медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
- медициналық ұйымдарды кадрлық ресурстармен қамтамасыз етудің 10 жылдық болжамын қалыптастыру;
- медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту ескерілген.